Қазақстанның үш өңірінде үсік жүреді - 21 мамырға арналған ауа райы болжамы

Үсік, ауа райы болжамы, 21 мамыр, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 19:24 Сурет: magnific
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша алдағы бейсенбі, 2026 жылғы 21 мамырға арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, бірден еліміздің үш өңірінде үсік жүреді, ал тағы бір аймақта керісінде, күн ысиды:

  • түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі;
  • Атырау облысында күндіз күн 35 градусқа дейін қатты ысиды.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады, солтүстікте, оңтүстікте нөсер құяды деп болжанады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға желдің күшеюі, батыста шаңды дауылдың тұруы, оңтүстік-батыста, солтүстікте тұманның түсуі жатқызылады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Ал бірқатар өңірлерде өрт қаупі күтіледі:

  • өрт қаупі жоғары – Атырау, Ақтөбе, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау өңірінің солтүстік-шығысында, батысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында,  Ақмола облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, Павлодар өңірінің  оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда өңірінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы, Жамбыл облыстарының батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының шығысында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Абай өңірінің шығысында.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күн күрт суытатынын ескерткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: