50 жасқа дейінгі ер азаматтарды мобилизациялау: Қорғаныс министрлігі ұсынысқа пікір білдірді

Военная служба, военнослужащие, военнослужащий, военные, военный, армия, солдаты, солдат, вооруженные силы, миротворцы, миротворческие операции, миротворческие силы , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 16:24 Фото: akorda.kz
Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиев 2026 жылғы 21 мамырда Мәжіліс кулуарында 27 жастан 50 жасқа дейінгі ер азаматтарды мобилизациялау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұған дейін мұндай бастаманы запастағы полковник Ғани Артықов ұсынған болатын.

"Бұл бағыттағы жұмысты тиісті департамент жүргізеді. Ұйымдастыру-мобилизациялық жұмыстар департаменті жалпы әскерге шақыру саясатын жүргізеді", – деді Ахмедиев.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта министрліктің мұндай ұсынысты жүзеге асыру жоспары жоқ екенін айтты.

"50 жасқа дейінгі ер азаматтарды шақыру мәселесіне келсек, бізде ондай жоспар жоқ. Егер басқа пікір болса, оған тиісті вице-министр жауап беруі керек деп ойлаймын", – деп атап өтті вице-министр.

Бұған дейін Алматыда Голан жоталарына аттанған үшінші бітімгерлік құрамды салтанатты түрде шығарып салғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: