Қорғаныс министрлігі Қайрат Сатыбалдыға қатысты ақпаратты жоққа шығарды

2026 жылғы 21 мамырда Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Б. Момышұлы атындағы әскери колледжде Қайрат Сатыбалдының пайда болуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 16:09 Сурет: nb.kz
2026 жылғы 21 мамырда Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Б. Момышұлы атындағы әскери колледжде Қайрат Сатыбалдының пайда болуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тараған ақпараттағыдай, Қайрат Сатыбалды аталған колледжде дәріс оқыды деген мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

Вице-министрдің сөзінше, оқу орнының 40 жылдық мерейтойына арналған іс-шара түлектердің бастамасымен ұйымдастырылған, ал Қорғаныс министрлігі бұл шараға қатыспаған.

"Бұл – түлектер ұйымдастырған іс-шара. Министрлік оған қатысы жоқ. Олар өзге мекемелер сияқты мерейтойларын өткізеді – 40 жылдық, 20 жылдық және тағы басқа. Ол ол жерге осы оқу орнының түлегі ретінде келген", – деді Дархан Ахмедиев.

Журналистердің жастарға әсері туралы сұрағына жауап берген вице-министр оның дәріс оқымағанын атап өтті.


"Бірінші рет естіп тұрмын, ол дәріс оқыған жоқ және оқымайды да. Дәріс оқу үшін ол профессорлық-оқытушылық құрамның мүшесі болуы керек. Басшылық қазірдің өзінде жазаланды, менің білуімше, қызметінен босатылған", – деді ол.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: