Түркістан облысындағы өртке қатысты комиссия қылмыстық ізді жоққа шығарды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 21 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысында бірнеше адамның өмірін қиған өрт оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Үкімет адам өлімі көп болған жағдайларда арнайы комиссия құрады.
"Бұл – тұрмыстық өрт, менің білуімше, тергеу аяқталған. Электр құрылғысынан шыққан. Қылмыстық сипат жоққа шығарылады. Үкіметтік комиссия құрамына ІІМ мен ТЖМ өкілдері енгізілді. Сараптамалардан кейін-ақ бұл жағдайдың тұрмыстық сипатта екені анық болды", – деді Қанат Бозумбаев.
Айта кетейік, 2025 жылғы 18 қарашада Түркістан облысы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрт салдарынан 9 бала мен 3 ересек адам қаза тапқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript