Атырау облысында қатарласын соққының астына алған мектеп оқушыларының ісі қоғамда қызу талқыға түсті

Школьные принадлежности, канцелярские товары, канцтовары, школа, учебники, ученики, школьники , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 10:58 Фото: Zakon.kz
Атырау облысы Жылыой ауданында мектеп оқушылары қатарластарын аяусыз соққыға жыққан. Оқиға сәуір айында болды. Қазір төбелеске қатысы бар жасөспірімдер түгел анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада оқушылардың екі баланы қатігездікпен ұрып, теуіп жатқаны анық көрінеді. "Жетінші арна" мәліметінше, кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Кәмелетке толмағандар Ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынып, жинақталған материалдар тиісті шара қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды".Мейірім Ердәйлет, облыстық ПД баспасөз хатшысы

Бұған дейін Астанада бір топ мектеп оқушысы ерекше баланы соққыға жыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: