Халықаралық балаларды қорғау күнінде бір топ оқушы Ақорданы аралап көрді
Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 1 маусымда еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.
"Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды".
Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.
Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.
Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Бұған дейін президенттің Халықаралық балаларды қорғау күнімен барша қазақстандықты құттықтағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




