ТЖМ "Қазцинк" зауытындағы жарылыстың алдын ала себебін атады
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов 2026 жылғы 2 маусымда өткен Үкімет отырысында Өскемендегі зауыттағы жарылыстың неден болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әріновтың айтуынша, қаза болған жұмысшыларға қатысты екі ірі апат – Востокцветмет шахтасындағы және Казцинк зауытындағы оқиғалар бойынша тергеу жалғасып жатыр.
"Салалық сарапшыларды тарта отырып, тиісті сараптамалар мен зерттеулер тағайындалды. "Востокцветмет" шахтасындағы апаттың алдын ала себептері – тау-кен жұмыстарын жобалық құжаттаманы бұза отырып жүргізу және өндірістік жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі. Ал "Қазцинк" зауытындағы жарылыс алдын ала мәлімет бойынша технологиялық процестің бұзылуынан болған", – деді ол.
Министр бұған дейін аталған нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталғанын атап өтті. Атап айтқанда:
- техникалық құжаттамалардың талаптарға сәйкес келмеуі;
- техникалық құрылғылардың пайдалану мерзімін ұзартуға қатысты сараптамалардың болмауы;
- жобалық құжаттамадан ауытқулар;
- өндірістік бақылаудың әлсіздігі;
- тозған жабдықтарды уақытылы ауыстырмау.
"Тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорынға қатысты тиісті шаралар қабылданады", – деп атап өтті ТЖМ басшысы.
Еске салсақ, зауыттағы жарылыс 5 мамыр күні таңертең болған. Комиссия тергеуді әлі аяқтамағанымен, қайғылы оқиғаның екі ықтимал себебін атаған:
- технологиялық процестің бұзылуы;
- адами фактор.
Бұған дейін Екібастұзда жүк көлігі баласын көтеріп тұрған әйелді қағып кеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript