Екібастұзда жүк көлігі баласын көтеріп тұрған әйелді қағып кетті
Фото: Zakon.kz
Екібастұз қаласында автокөлік тротуарда тұрған әйел мен баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" телеарнасының жазуынша, 24 мамыр күні ГАЗ маркалы көліктің жүргізушісі кері қозғалыс кезінде тротуарда тұрған, қолында баласы бар әйелді қағып кеткен.
"Жарақат алған әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйелде политравма, яғни көптеген сынықтар мен жарақаттар анықталған. Науқас жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде, қажетті медициналық көмек көрсетілуде", – деп хабарлады өңірдегі ПД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, балаға медициналық көмек қажет болмаған. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Бұған дейін жазғанымыздай, Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан марқұм қыздың анасы сотталушыға кешірім беретінін мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript