Алматыда есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату фактілері анықталды

Алматыда есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату фактілері анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 17:13 Сурет: polisia.kz
Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және оның жолын кесу мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз сақтап, оларды таратуға қатысы бар деген күдікке ілінген азаматтар ұсталды.

Тінту және тексеру барысында өсімдік тектес және синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ оларды өлшеуге, буып-түюге және пайдалануға арналған электронды таразылар мен орау материалдары тәркіленді.

Сонымен қатар жүргізілген жедел шаралар кезінде тыйым салынған өсімдіктерді сақтау деректері анықталып, қарасораға ұқсас өсімдіктердің түптері табылды.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін тағы бір азамат анықталып, оның тұрғылықты жерінен есірткі заттары, арнайы құрал-жабдықтар және қылмыстық әрекетті дәлелдейтін өзге де айғақ заттар тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: