БЖЗҚ-дағы жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшері ертең жариялануы мүмкін
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшері ертең жариялануы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Сенат кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, тиісті қаулы ресми жарияланғаннан кейін БЖЗҚ жеткіліктілік шегін есептеп, оны күнтізбелік 10 күн ішінде жариялауға міндетті.
– Қаулы 25 мамырда жарияланды деп есептесек, жеткіліктілік шегі ертең жариялануға тиіс, – деді вице-министр.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі өзгергенін хабарлаған болатын.
Министрдің сөзінше, бұрынғы формула тоғыз көрсеткішке негізделсе, жаңа әдістеме бес негізгі көрсеткіштен тұрады. Олардың қатарында 9 пайыздық жылдық табыстылық мөлшерлемесі мен зейнетақы төлемдерін жыл сайын индекстеу коэффициенті бар.
Жаңа ережеге сәйкес, БЖЗҚ 20-дан 63 жасқа дейінгі азаматтар үшін жеке-жеке жеткіліктілік шегін есептеп, жариялауы қажет. Қазіргі уақытта аталған есептеулерді қор жүргізіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript