Шымкентте Ресейден әкелінген 12 мыңға жуық жұмыртқа жойылды: оған не себеп

Птицеводство, птицефабрика, птицы, курица, яйца, клеточная батарея, яичные куры, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 09:54 Фото: Министерство сельского хозяйства РК
Шымкент базарында заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасының ірі партиясы анықталып, жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда министрлігінің мәліметіне сүйенсек, "Жібек жолы" базарында жүргізілген бақылау-қадағалау іс-шаралары кезінде мамандар міндетті таңбалауы жоқ және ветеринариялық ілеспе құжаттармен рәсімделмеген жұмыртқалардың сатылымға шығарылғанын анықтады. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 11 850 дананы құрады.

"Зертханалық сараптама нәтижелері өнімнің қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты жұмыртқалардың барлық партиясы арнайы құрылған комиссияның қатысуымен белгіленген тәртіпке сәйкес жойылды. Заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, тексеру материалдары тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды",- делінген ақпаратта.

Ведомство атап өткендей, қолданыстағы шектеу шараларына қарамастан, еліміздің бірқатар өңірлерінде Ресейден әкелінген таңбаланбаған жұмыртқаларды сату фактілері әлі де тіркелуде. Осыған байланысты мемлекеттік органдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағындағы базарлар мен сауда нысандарында жүйелі тексерулер жүргізуді жалғастырып келеді.

Бұған дейін Алматының таулы аймағында кроссовер өзенге құлап кете жаздағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: