1,5 млрд теңге залал: ҰҚК бір айдың ішінде сыбайлас жемқорлықтың ауқымды фактілерін анықтады

Коррупция, взятка, взятки, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 12:04 Фото: freepik
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы 5 маусымда елімізде мамыр айында ауқымды сыбайлас жемқорлық фактілері анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 83 құқық бұзушылықты тіркеді.

"Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық сияқты қылмыстарға қатысты",- делінген мәліметте.

Ведомство қылмыстық істер бойынша 45 адам күдікті деп танылғанын атап өтті.

"85 қылмыстық істің тергеуі аяқталды, оның 66-сы сотқа жолданды. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 1,5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 835,3 млн теңге қайтарылды. Бағасы 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды".ҚР ҰҚК

Бұған дейін "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС бұрынғы министрмен байланысты компаниядан қайтарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: