ШҚО-дағы колонияға сотталған адамға 15 телефон лақтырмақ болғандар ұсталды

ШҚО-дағы колонияға сотталған адамға 15 телефон лақтырмақ болғандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2026 13:01 Сурет: Ішкі істер министрлігі
Шығыс Қазақстан облысында түн жамылып, колониядағы сотталған адамға бірден 15 смартфон жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тыйым салынған заттарды тікенекті сым арқылы лақтырмақ болған күдікті қылмыс үстінде ұсталды. ҚР ІІМ-нің 2026 жылғы 6 маусымдағы мәліметіне сәйкес, жас жігітті ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті мен №17 мекеме қызметкерлері колонияға іргелес аумақта қолға түсірген.

Жеке тінту барысында күдіктіден бірнеше мұқият оралған түйіншектері бар пакет табылды. Оның ішінде түрлі маркалы 15 смартфон болған. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық құрылғы бір сотталған адамға арналуы мүмкін.

Барлық гаджет тәркіленді. Құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті материалдар жиналып жатыр.

"Оперативтік бөлімшелердің бірлескен жұмысының арқасында тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жалғасып жатыр", – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожықанова.

ҚАЖ департаменті түзеу мекемелерінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынғанын еске салды. Өйткені оларды қолдану жазаны өтеу тәртібін бұзуға, сыртқы әлеммен бақылаусыз байланыс орнатуға және қылмыстық әрекеттерді ұйымдастыруға себеп болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: