Тыйым салынған "салма": бөлке нанның ішінен екі телефон табылды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 10:56 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемеге жеткізілген азық-түлік сәлемдемесін тексеру кезінде қызметкерлер бөлке нанның ішіне жасырылған екі ұялы телефонды анықтады. Табылған заттар тәркіленіп, оқиға бойынша тиісті материалдар рәсімделді.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, мұндай заңсыз әрекеттер ара-тұра тіркеліп тұрады. Алайда қызметкерлердің қырағылығы мен сәлемдемелерді мұқият тексерудің нәтижесінде тыйым салынған заттардың режимдік аумаққа өтуіне жол берілмейді.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканованың айтуынша, ұялы телефондар мен басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу мекемедегі қауіпсіздікке және жазаны өтеудің белгіленген тәртібіне қауіп төндіреді.

"Азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", – деді ол.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру немесе оларды беруге әрекет жасау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: