Су 8 сағатқа өшіріледі: Алматылықтарға маңызды ескерту жасалды

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 10:38 Фото: pexels
"Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (МКК) әкімшілігі қала тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы суық сумен жабдықтау желілері мен нысандарында жоспарлы жұмыстар жайлы маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2026 жылғы 9 маусым күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағынауданында суық су беру уақытша шектеледі.

  • Абай даңғылы – Алатау даңғылы – Сабденов көшесі – Құрылысшы көшесі;
  • Сабденов көшесі – Алатау даңғылы – жобаланатын Ұлықбек көшесі – Нұрлы таң көшесі;
  • "Шұғыла", "Шұғыла Сити", "Alem City", "Ulytau", "Sensata City" тұрғын үй кешендері және "Достық" коттедж қалашығы;
  • Наурызбай ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараттар кешені.

Мамандар жоспарлы-профилактикалық жұмыстар аталған аумақтарды тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұралды. Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады.

Бұған дейін Астанадағы Тілендиев даңғылы бір айға жабылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: