Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалды

Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 12:36 Сурет: gov.kz
Түркістан облысының прокуроры жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаға қызметке 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров келді.

Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып қызмет істеген.

2022 жылғы мамырдан Қарағанды облысының прокуроры болды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бұған дейін Жамбыл облысының прокуроры тағайындалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: