"Аптап ыстық, шаңды дауыл, бұршақ". Еліміз бойынша 9 маусымға арналған ауа райы болжамы

Жаз, аптап ыстық, ауа райы болжамы, 9 маусым, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 17:56 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының 2026 жылғы 9 маусымға арналған болжамын ұсынды. Оған сәйкес, елімізде аптап ыстық, шаңды дауыл, тұман, найзағай, бұршақ сипатында қолайсыз ауа райы жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, республикамыздың бірден алты өңірінде, атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Абай, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында сынап бағаны күрт жоғарылап, аптап ыстық күтіледі; +35...+38°С.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша жел екпін алады, солтүстікте, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Бұл ретте, болжам бойынша, еліміздің бірқатар өңірлерінде өрт қаупі күтіледі:

  • жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысының батысында, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда өңірінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Түркістан өңірінің орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында.

Бұған дейін cиноптиктер алдағы үш күнге (9, 10, 11 маусымға) арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: