Шымкентте әйелден аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
Сурет: Шымкент полиция департаменті
Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылды. Сонымен қатар одан есірткі заттарын бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді.
Ұсталған азаматшаның жалдап тұрған пәтерін тексеру барысында әрқайсысының салмағы бес грамм болатын 32 орама "синтетика" анықталды.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес пен оны тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript