+38°С дейінгі аптап ыстық, найзағай мен бұршақ: Қазақстан бойынша 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамы

+38°С дейінгі аптап ыстық, найзағай мен бұршақ: Қазақстан бойынша 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 13:11 Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Қазақстанда алдағы демалыс күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей өңірлерге бұршақ түсуі де мүмкін. Дегенмен, республиканың бірқатар аймағында +38°С дейінгі аптап ыстық та болжанып отыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандарының 2026 жылғы 13-15 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамында айтылған.

"Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды".

Нөсер жауын күтіледі:

  • 13 және 15 маусымда Қостанай облысында,
  • 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында.
"Бүкіл кезең бойы еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұл ретте, +38°С дейінгі аптап ыстық болжанады:

  • 13-15 маусым аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында,
  • 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында,
  • 15 маусымда Атырау облысында.

Бұған дейін қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: