Түркістандағы тарихи орынға кіру құны бірқатар азаматтар үшін қымбаттады
Фото: akorda.kz
2026 жылғы 10 маусымнан бастап еліміздегі басты тарихи ескерткіштердің бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағына кіру билеттерінің құны өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 11 маусымда "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі мен Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Осылайша, 10 маусымнан бастап Қ.А.Ясауи кесенесі аймағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру билеттерінің құны:
- алыс шетел азаматтары үшін 5000 теңге,
- жақын шетел (ТМД) азаматтары үшін 2000 теңге болып бекітілді.
Бұл ретте, қазақстандықтар үшін билет бағасы бұрынғы қалпында сақталғаны атап өтілді.
- ересектер үшін кіру ақысы – 1000 теңге,
- студенттер мен зейнеткерлер үшін – 500 теңге,
- мектеп оқушылары үшін – 300 теңге.
"Алайда оқушыларға қазіргідей демалыс кезеңінде кіру тегін",- деп нақтылады ведомство.
Бұған дейін ТМҰ мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript