"Қазгидромет" Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматы қаласында, ал түнгі уақытта Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз болуы, тұман, ауа инверсиясы сияқты қысқа мерзімді факторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін құбылыс.
Мамандар мұндай күндері тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автокөлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде серуендеуді шектеуге кеңес береді.
Сондай-ақ өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққан кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады.
Бұған дейін синоптиктер 15 маусымда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.