"Медеу" маңындағы автотұрақ уақытша жабылады

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, горный курорт, лето в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 12:23 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыдағы биіктаулы спорт кешені – "Медеу" аумағындағы автотұрақ уақытша жабылады. Алматы қаласының Құрылыс басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 16 маусымнан бастап желтоқсан айына дейін автотұраққа кіру шектеледі.

Ресми ақпаратқа сәйкес:

"2026 жылғы 16 маусымнан желтоқсан айына дейін жақын маңдағы автотұраққа кіру уақытша шектеледі".

Шектеу аумақта жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр.

"Медеу" – Алматы маңында теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан, әлемдегі ең биіктаулы спорт кешендерінің бірі.

Қала тұрғындары мен қонақтардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.

Айта кетейік, "Медеу" спорт кешенін ауқымды жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың қазан айында басталған. Жобаның толық аяқталуы 2027 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: