Премьер-министр көлік министрлігінің негізгі міндетін атады

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезда, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, пассажиры поездов, пассажиры поезда , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 12:06 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылғы 16 маусымда өткен Үкімет отырысында Көлік министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" компаниясының осы жылға арналған негізгі міндеттерінің бірін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент тапсырмасына сәйкес, биыл бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтау жоспарланған.

"Олардың қатарында "Дарбаза – Мақтаарал" және "Мойынты – Қызылжар" жобалары бар. Осы бағыттар бойынша қозғалысты биыл қараша айында іске қосу қажет. Жаңа теміржол желілерінің ашылуы транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – қазіргі таңда Көлік министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" үшін ең маңызды міндеттердің бірі", – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, тек қолданыстағы жобалармен шектеліп қалмай, ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету және Еуразия кеңістігінде көлік-логистикалық хаб қалыптастыру үшін теміржол инфрақұрылымын дамытудың келесі кезеңіне алдын ала дайындық қажет.

Премьер-министр ұсынылған теміржол саласын дамытудың үш жылдық жоспары жалпы қолдау тапқанын да атап өтті.

"Көлік министрлігі, "Самұрық-Қазына" қоры және "Қазақстан темір жолы" компаниясы барлық перспективалы инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаржыландыру көздерін нақтылап, техникалық құжаттаманы әзірлеуді жедел бастауы тиіс. Барлық шешімдер жүк ағындарының, транзиттік тасымалдардың болжамды өсімін және экономиканың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін ескере отырып алдын ала қабылдануы керек", – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол экспорттық және транзиттік жүк тасымалын арттыру үшін мемлекетаралық өткізу пункттерін дамыту қажеттігін айтты.

Бұған дейін Премьер-министр "Stadler" компаниясының вагон жеткізуіндегі кешігулерге жол бермеуді тапсырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: