Премьер-министр көлік саласы үшін "деректер базасын" құруды тапсырды
Фото: primeminister.kz
Олжас Бектенов 2026 жылғы 16 маусымда өткен Үкімет отырысында Көлік министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" компаниясына жыл соңына дейін "деректер базасын" (data lake) құру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет басшысы әлемнің бірқатар елдерінде, атап айтқанда Қытай, Жапония және Еуропалық одақта көлік саласына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Бұл жүйелер пойыз қозғалысының кестесін оңтайландыруға, тоқтап тұру уақытын қысқартуға, өткізу қабілетін арттыруға және теміржол желісінің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Көлік министрлігі "Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін көлік-логистикалық тізбекті нақты уақыт режимінде басқаруға мүмкіндік беретін "деректер базасын" құруы қажет", – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, бұл бастама көлік саласының тиімділігін арттыруға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар ол саланы дамытуға қатысты шешімдер алдын ала және жедел түрде қабылдануы тиіс екенін атап өтті.
Бұған дейін Үкімет басшысы "Stadler" компаниясының вагон жеткізуіндегі кідірістерге жол бермеуді тапсырған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript