Шығыс Қазақстанда 9 қабатты үймен тең бөгеттер тозған: салдары қандай болуы мүмкін

Водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 13:25 Фото: unsplash
Шығыс Қазақстан облысында Зайсан және Тарбағатай аудандарындағы Үйдене мен Қандысу су қоймалары апатты деп танылған. Тозығы жеткен бөгеттер суармалы жер көлемінің қысқаруына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

tv7.kz сайтының 2026 жылғы 15 маусымдағы мәліметінше, гидротехникалық нысандардың тозу деңгейі шамамен 70 пайызға жеткен, ал олар 60 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Биіктігі 9 қабатты үймен тең бөгеттер қазіргі таңда жартылай ғана толған. Соның салдарынан ауыл шаруашылығындағы суармалы жерлердің көлемі едәуір қысқарған.

Мәліметке сәйкес, Үйдене бөгетін қалпына келтіру жобасы бірнеше рет техникалық қателіктерге байланысты кері қайтарылған. Қазіргі уақытта "Қазсушар" мамандары жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нақты жобасын дайындап, қазан айына дейін мемлекеттік қаржыландыруды алуды жоспарлап отыр. Ал Қандысу бөгетіне қатысты реконструкцияның толық жобасы әзірленген.

"Үйдене су қоймасының жалпы сыйымдылығы 75 млн текше метр. Қазіргі таңда Ертіс бассейндік инспекциясының рұқсатына сәйкес оның көлемі 46 млн текше метрге дейін төмендетілген", – деді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев.

Ал Шығыс Қазақстан облысы "Қазсушар" филиалы бөлімінің басшысы Дилара Жанболатованың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама түзетіліп, мемлекеттік сараптамаға жолданған.

"Алайда теріс қорытынды алынған. Жобалау ұйымымен жасалған келісімшарт бұзылды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама "Қазсушар" РМК тарапынан өз күшімен қайта түзетіліп жатыр", – деді ол.

Бұған дейін, 13 маусымда, Шығыс Қазақстанда мұздықтардың еруінен пайда болған таулы көлдер тексерілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: