ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді

МВД РК, Министерство внутренних дел РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 16:24 Фото: Zakon.kz
Қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыстар және залал келтірілмеген немесе толық өтелген жағдайда ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталғандарға қатысты қолданылады.

Сондай-ақ жекелеген санаттағы сотталғандар үшін жаза мерзімін қысқарту қарастырылған.

Амнистия терроризм, экстремизм, сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, азаптау, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар, әсіресе кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған әрекеттер және қайталама қылмыс жасағандарға қолданылмайды.

Әкімшілік амнистия азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты болады. Ол белгіленген мерзімге дейін жасалған құқық бұзушылықтар бойынша орындалмаған әкімшілік айыппұлдарды есептен шығаруды көздейді.

Сонымен қатар қару мен есірткінің заңсыз айналымына, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға, оның ішінде мас күйде көлік жүргізуге, қарсы жолаққа шығуға, жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ қайталанған құқық бұзушылықтар мен сот қарайтын істерге амнистия қолданылмайды. Қазіргі уақытта амнистия туралы заң жобасы Мәжіліс қарауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: