Талдықорғанда полиция 87 құқық бұзушылықтың жолын кесті

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, видеожетон, видеожетоны, смарт-жетоны патрульных, камера полиции, камера полицейского, камера полицейских, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 14:53 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты әрі жауапты міндеттерінің бірі.

Күн сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері қала көшелерінде қызмет атқарып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде тоқтату бағытында жедел шаралар қабылдауда.

Тек бір түннің ішінде Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері 87 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Полицейлер заң талаптарын бұзудың кез келген түріне қатысты "нөлдік төзімділік" қағидатын ұстануды жалғастыруда.

Көрсетілген кезеңде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 72 дерегі анықталды. Оның ішінде 15 өрескел құқық бұзушылық тіркеліп, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік басқарудың 3 фактісі анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялардың да көмегі зор.

Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен 6 құқық бұзушылық анықталса, "ҚОРҒАУ" автоматтандырылған жүйесі арқылы 8 өрескел құқық бұзушы анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Әрбір анықталған құқық бұзушылық – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес, жолдар мен қоғамдық орындарда болуы мүмкін қауіп-қатерлер мен қайғылы оқиғалардың алдын алу.

Полиция азаматтарды заң талаптарын, жол қозғалысы ережелерін және қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігінен басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: