Жетісу облысында полицейлер камералар арқылы құқық бұзушылықтардың жолын кесті

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 15:25 Фото: Zakon.kz
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу – полиция қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі.

Жетісу облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы өңірдегі жағдайды тәулік бойы бақылап, құқық бұзушылықтардың дер кезінде анықталып, жолын кесуде.

Заманауи бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қоғамдық орындарды ластау, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну, сондай-ақ мас күйінде қоғамдық орындарда жүру фактілері күн сайын анықталып, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.

Бейнекамералар арқылы анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат жедел түрде полиция нарядтарына жолданып, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Жедел басқару орталығының тиімді жұмысы өңірде "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады. Өйткені қауіпсіздік пен тазалық – әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: