Астанада құрылыс компаниясы басшысынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 15:41 Фото: Zakon.kz
Елордада құрылыс компанияларының бірінің басшысынан ақша бопсалау фактісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компанияның іскерлік беделі мен қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтерді жариялаймыз деп қорқытып, нәтижесінде 80 млн теңге талап еткен.

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында кәсіпкердің заңды өкілі полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ақша беру сәтінде екі күдіктіні қолға түсірді. Анықталғандай, олардың бірі адвокат болып шыққан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция кез-келген қысым көрсету, бопсалау немесе заңсыз жолмен ақша талап ету әрекеттерінің жолы кесілетінін, ал оған қатысы бар тұлғалардың заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: