Алматыда полиция көлігіне тас лақтырған әйел жазаланды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 17:11 Фото: Zakon.kz
Алматыда патрульдік полиция көлігіне тас лақтырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, видеоға түскен оқиға бойынша әйелдің кім екені анықталып, ол ұсталған.

"Әйел өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігіне тас лақтырған. Бұл дерек бойынша ол ұсталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, әйелдің әрекеті себепсіз әрі оғаш сипатта болған. Осыған байланысты оның психоэмоциялық жағдайын бағалау үшін Алмалы аудандық полиция басқармасына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: