Қаржылық мониторинг агенттігінің сегіз өңірдегі департамент басшылары ауысты
Фото: АФМ РК
Қазақстанның сегіз өңірінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған мәліметке сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы негізінде мынадай кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды:
- генерал-майор Ерболат Темірболатұлы Балғабаев – Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
- полковник Еркін Амангелдіұлы Түмелиев – Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
- полковник Ерік Өмірбекұлы Есенов – Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
- полковник Дастан Балтабайұлы Бөкешев – Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
- полковник Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
- полковник Бақытжан Рахманұлы Әбілқайыров – Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
- подполковник Нұраби Рашидұлы Төлеутай – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
- подполковник Сабырғали Базарғалиұлы Балғалиев – Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы 2026 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript