Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үндістанның Нью-Дели қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты жалғасуда. Аталған жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы командалық сайыста қола медаль жеңіп алды.
Ұлттық құраманың сәтті өнер көрсетуіне алматылық спортшылар Жанат Нәбиев пен Нұрмұхаммед Жайлыбай зор үлес қосты. Олар Қазақстан құрамасы сапында Артем Саркисян және Назарбай Саттарханмен бірге сынға түсті.
Жарыс кезінде қазақстандықтар Иран құрамасын 45:33, Өзбекстан құрамасын 45:43 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің жартылай финалына шықты. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде олар турнир фавориттерінің бірі Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен жол берді.
Үшінші орын үшін өткен тартысты бәсекеде қазақстандық спортшылар жоғары шеберлік пен табандылық танытып, Қытай құрамасын 45:44 есебімен ұтты. Осылайша олар Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Семсерлесуден Азия чемпионаты 24 маусымда аяқталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript