Қостанай облысында қоныс аударушылар тұрғын үй сертификатын заңсыз пайдаланған

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 12:16 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қостанай облысында қоныс аударушылар мемлекеттік қолдау аясында берілетін тұрғын үй сертификатын заңсыз пайдалану деректері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоныс аударушыларға қоныстанған өңірінде тұрғын үй сатып алу үшін 1625 айлық есептік көрсеткіш көлемінде экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі.

Алайда кейбір азаматтар мемлекеттен көбірек қаржы алу мақсатында заңсыз әрекетке барған.

Мәселен, 2024 жылы қоныс аударушылардың бірі жалған сатып алу-сату шартын жасап, құны 6 млн теңге деп көрсетілген пәтерді рәсімдеген. Оның 3 млн теңгесі бюджет қаражаты есебінен төленуі тиіс болған.

Тексеру барысында пәтер сатушысының шын мәнінде небәрі 1,6 млн теңге алғаны анықталды. Ал тұрғын үйдің құны сатып алушының өтінішімен құжат жүзінде әдейі көтерілген.

Осыған ұқсас тәсілмен тағы бір қоныс аударушы пәтер құнын 5,5 млн теңге деп көрсетіп, экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы 2,67 млн теңге алған.

Аталған фактілер бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, мемлекетке келтірілген 5,7 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген. Осыған байланысты қылмыстық істер ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында өзін қарттардың туысымын деп таныстырып, оларды алдаған ер адамға қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: