Құрылтай депутаттарына қызметтік тұрғын үй беріледі
Фото: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 22 маусымдағы бұйрығымен мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою және тұрғын үй беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьяларын, Жоғарғы соттың, жергілікті және өзге де соттардың судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың тұрғын үйді пайдалану тәртібі тиісті конституциялық заңдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ қағидаларға тұрғын үймен қамтамасыз етілетін тұлғалар қатарына Құрылтай депутаттары енгізілді.
Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Еске салайық, жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстанда екі палаталы Парламенттің орнына Құрылтай құрылады. Оның құрамына 145 депутат кіреді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript