Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер саны артады
Фото: Zakon.kz
Алматыда қолжетімді бағамен өнім ұсынатын коммуналдық жәрмеңкелер желісі кеңейтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 25 маусымда Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа форматтағы коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында жаңа коммуналдық жәрмеңкелер ашу, сауда нысандарын жаңғырту, демалыс күндері жәрмеңкелерін ұйымдастыру және отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейту жобалары қаралды", – делінген хабарламада.
Қала әкімі кейбір жобалардың жоспарланған мерзімнен кешігіп жатқанын атап өтіп, ұйымдастыру және рұқсат беру мәселелерін жедел шешуді тапсырды.
Дархан Сатыбалдының айтуынша, коммуналдық жәрмеңкелер тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді бағамен өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті тауар өндірушілерге қосымша мүмкіндік беруі тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты құрылымдарға жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейтіп, нысандарды уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада 27-28 маусым күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіні хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript