СҚО-да полицейлер азаматтарға бет-жүзді тұмшалауға қатысты талаптарды түсіндіруде
Фото: Zakon.kz
Түсіндіру жұмыстарының негізгі бөлігі жастар арасында жүргізілуде, өйткені түрлі маскалар олардың арасында жиі қолданылады.
Тәртіп сақшылары "Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін, бет-әлпетін толық жабатын киіммен жүруге тыйым салынатынын еске салады.
Бұл талап ауа райы жағдайына, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға байланысты, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде бет-әлпет жабылған жағдайларға қолданылмайды.
Профилактикалық жұмыс "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жүргізілуде. Полицейлердің мақсаты – жазалау емес, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.