Тоқаевқа жас өнерпаздар бірнеше күй орындап берді
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды.
Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

