Абай облысында бағалы металдарды заңсыз өндіргендер анықталды
Фото: pixabay
Абай облысында бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегі әшкереленді. Бұл туралы 2026 жылғы 29 маусымда Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Жарма ауданында барлау жұмыстары жүргізіліп, бағалы металдар заңсыз өндірілген үш учаске анықталған.
Заңсыз әрекеттер салдарынан жердің құнарлы қабаты сылынып, топырақ жамылғысына елеулі зиян келтірілген.
Тергеу барысында алтын түстес металл, кенді жууға арналған жабдықтар, арнайы техника және автокөліктер тәркіленді.
"Қазіргі уақытта заңсыз өндіруге қатысы бар барлық тұлғалар, өндірілген бағалы металдардың көлемі және мемлекетке келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр", – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстаннан бензинді заңсыз әкетудің ауқымды схемасын әшкерелеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript