Қазақстан мен Испания ядролық қауіпсіздік саласындағы әріптестікті дамытуда

Қазақстан мен Испания ядролық қауіпсіздік саласындағы әріптестікті дамытуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 22:15 Сурет: ҚР СІМ
Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаев Испанияның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің төрағасы Хуан Карлос Лентихомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ мәліметінше, қазақ дипломаты сұхбаттасын еліміздің ұлттық атом саласын дамытуға қатысты ұстанымдарымен таныстырып, алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті.

Атом энергетикасын дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі, сондай-ақ ғылыми-технологиялық дамуды ілгерілетудің, жоғары білікті кадрлар даярлаудың және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудың маңызды факторы ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Д. Мұсаев Қазақстанның ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану қағидаттарына бұлжымас бейілділігін де атап өтті.

Осы тұрғыда тараптар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) аясындағы өзара іс-қимылдың келешегі мен тиісті халықаралық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі күш-жігерді үйлестіру мәселелерін талқылады.

Сұхбаттасушылар атом саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, Қазақстан мен Испанияның бейінді мекемелері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды пысықтауға қызығушылық білдірді.

Бұған дейін Абай облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: