Энергетика мен инфрақұрылымды жаңғыртуға биыл 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 13:31 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін күшейту экономиканы жаңа даму үлгісіне көшірудегі басты міндеттердің бірі екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу үшін энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды кешенді түрде дамыту қажет.

"Экономиканың жаңа үлгісіне көшу үшін алдымен энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды толыққанды дамыту қажет. Бұл маңызды үштаған кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның да негізгі тірегі саналады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта елімізде энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жан-жақты жаңғырту жұмыстары қолға алынғанын айтты.

Президенттің сөзінше, бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымдағы Ұлттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданған. Оны жүзеге асыру үшін биылдың өзінде 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.


"Артық шығынға әкеп соғатын тиімсіз "әрлеу", яғни жөндеу тәсілінен бас тартып, өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін барлық нысандар мен жүйелерді түбегейлі жаңғырту жұмысы жүргізілетін болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: