Алматыда су қорғау аймағындағы 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 16:12 Фото: pexels
Сот шешімімен Алматының Медеу ауданындағы Бекенбай өзені арнасының су қорғау аймағында орналасқан (Мұзтау шағынауданы, бұрынғы Бутаковка) жалпы аумағы 7,7 гектардан асатын 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Алматы қаласы әкімдігінің жерді пайдалану мәселесіне жүргізіп отырған жүйелі мониторинг жұмыстарының арқасында жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Тексеру барысында аталған жер учаскелеріндегі жылжымайтын мүлік нысандарының кадастрлық төлқұжаттарын рәсімдеу кезінде заңбұзушылықтар анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті 17 жер учаскесіне қатысты сәйкестендіру құжаттарының күшін жою туралы нұсқама шығарды. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, департамент Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арызбен жүгінді.

Сот талап-арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Алматы қаласының әкімдігі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес заңсыз рәсімделген жер учаскелерін анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: