Ақтөбеде ауласында көкнәр өсірген зейнеткер анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 10:27 Фото: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының 69 жастағы тұрғынына тиесілі саяжай учаскесін тексеру барысында полицейлер гүлзарға егілген 67 түп көкнәрді анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында есірткі немесе психотроптық заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге тыйым салынғанын еске салады. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығы ескертілді.

Бұған дейін Астана тұрғыны мерекелік тосынсыйы үшін айыппұл арқалағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: