Аптап ыстық күшейеді: Шымкентте +39 градус, Астана мен Алматыда жаңбыр

Сильная жара, лето, высокая температура, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2026 15:50 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Шымкентте күн қатты ысиды, ал Астана мен Алматыда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

7 шілде: Көшпелі бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.

8 шілде: Көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні күндіз 14 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.

9 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C. Аптап ыстық күтіледі.

Алматы

7 шілде: Көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C.

8 шілде: Көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

9 шілде: Көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел әлсіз соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.

Шымкент

7 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +35...+37°C.

8 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +37...+39°C.

9 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +37...+39°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: