Бектенов газ өңдеу зауыттарының құрылысын апта сайын бақылауды тапсырды

Газ, газификация, газораспределительная станция, газовая инфраструктура, газопровод, подача газа , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 12:57 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 7 шілдеде өткен Үкімет отырысында Қазақстан үшін жаңа газ өңдеу қуаттарын салудың маңыздылығына тоқталды.

Үкімет басшысы барлық жобаның табысты жүзеге асырылуы мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігіне, экономиканың инвестициялық тартымдылығына және азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.

"Экономиканың дамуы халық пен өнеркәсіп тарапынан газға деген сұраныстың тұрақты артуымен қатар жүріп жатыр. Сондықтан саланың ресурстық мүмкіндіктері мен экономиканың қажеттіліктері арасындағы ұзақ мерзімді тепе-теңдікті қамтамасыз етуіміз қажет. Осы бағытта газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту, газ өңдеу зауыттарын салу және өңірлерді газдандыру жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді", – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, газ саласын дамыту қарқынды қарқынмен жүргізілуі тиіс.

Сонымен қатар жаңа кәсіпорындарды іске қосуға, инвестиция тартуға және елдің өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі арттыруға қажетті инфрақұрылым уақытылы дайын болуы қажет.

Премьер-министрдің сөзінше, осыған байланысты Қашаған, Қарашығанақ кен орындары мен Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыттарын салу жобалары ерекше маңызға ие.


"Дәл осы нысандар ішкі нарыққа жеткізілетін тауарлық газ өндірісін ұлғайтып, мұнай-газ химиясы саласының дамуына серпін беруі тиіс. Сондықтан Энергетика министрлігіне, "Самұрық-Қазына" қорына және QazaqGaz ұлттық компаниясына аталған нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстарына апта сайын бақылау жүйесін енгізуді тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: