"Нөсер жаңбыр, дауыл, аптап ыстық". Еліміз бойынша 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
Қазақстан аумағы бойынша алдағы сәрсенбі, 2026 жылғы 8 шілдеге арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады:
- күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық,
- Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41 градус қатты ыстық,
- Түркістан, Қызылорда облыстарында 40-41 градус қатты ыстық,
- күндіз Атырау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша белең алатын табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста дауыл тұрып, түнде және таңертең республикамыздың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:
- жоғары өрт қаупі - Түркістан облысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде.
- төтенше өрт қаупі - Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2026 жылғы 8–10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript