Оралда деменцияға шалдыққан зейнеткер із-түзсіз жоғалып кетті

Оралда деменцияға шалдыққан зейнеткер із-түзсіз жоғалып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 09:26 Сурет: Михаил Киселевтің жеке мұрағатынан
Оралда 76 жастағы зейнеткер Нина Киселева 12 тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. Ол саяжай аумағында адасып кетіп, өздігінен үйіне қайта алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғалған әйелдің туыстарының айтуынша, Нина Киселева 26 маусым күні "Пенсионер" саяжай қоғамында із-түзсіз жоғалған. Олардың сөзінше, зейнеткердің көру қабілеті нашар, айналаны дұрыс бағдарлай алмайды, сондай-ақ жасына байланысты деменция дерті асқынып кеткен.

"Мой город" басылымының жазуынша, оқиға болған күні ол саяжайда өзінен үлкен әпкесімен бірге болған. Бір сәтте дәретханаға шығамын деп аулаға шыққанымен, артқы қақпа арқылы кері бағытқа кетіп қалған.

Біраз уақыттан кейін әйелді көрші орналасқан "Швейник" саяжай қоғамының аумағында көрген адамдар болған. Ол жолыққан адамдардан өз саяжайына қалай жетуге болатынын сұраған. Өтіп бара жатқан адамдар оған жолды көрсеткен, алайда содан кейін оны ешкім көрмеген.

Туыстары бірден полицияға хабар берген. Жоғалған әйелдің ұлы Михаилдың айтуынша, алғашқы аптада іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылып, кең көлемде іздеу жүргізілген. Қазіргі уақытта іздестіру жалғасып жатыр, бірақ бұрынғыдай ауқымды емес.

"Бұл аумақта іздеу жұмыстарын жүргізу өте қиын. Себебі шөп өте қалың өскен, ал саяжайлардың шамамен 90 пайызы қараусыз қалған. Біз күн сайын анамызды іздеп жүрміз және оның аман-есен үйге оралуын күтіп отырмыз. Жоғалған күні үстінде көк түсті кофта болған, ал аяғына екі түрлі түсті жұпталмаған аяқ киім киіп шыққан еді. Барша бейжай қарамайтын азаматтардан оны іздеуге көмектесулерін өтінеміз", – деді Михаил.

Нина Киселеваның қайда жүргені туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан 102 нөміріне немесе оның ұлы Михаилдың +7 777 180 36 69 телефонына дереу хабарласу сұралады.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті кейуананың жоғалып кеткенін растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: