Астана халықаралық әуежайы жағымды жаңалықпен бөлісті

Астана халықаралық әуежайы , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 17:51 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана халықаралық әуежайында Т2 терминалы алдындағы негізгі кіреберіс қайта ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 8 шілдеде елорда әуежайының баспасөз қызметі хабарлады:

"Құрметті жолаушылар! Т2 терминалының жолаушыларды отырғызу және түсіру аймағына апаратын негізгі кіреберіс қайта ашылды. Енді автокөліктер жабық автотұрақ пен LRT станциясының арасындағы негізгі жол арқылы еркін қатынай алады", делінген сәрсенбіде жарияланған хабарламада.

Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін қозғалыстың жаңартылған сызбасы да ұсынылды:

Сызба, Астана, халықаралық әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 17:51

Сурет: Telegram/nqzairport

Бұған дейін 10 шілдеден бастап төрт ақылы жолда орташа жылдамдық бақылау нысанына алынатындығын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: