Алматыда шетелге жұмысқа бармақ болған студенттер сан соғып қалды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 09:24 Фото: Zakon.kz
Еліміздің әр өңірінен жиналған 150-ден аса студент жұмысқа орналастырумен айналысатын агенттікке алдандық деп отыр. Әрқайсысы миллионға жуық ақша төлеген олар, өзге елде еңбек етпек түгілі, сол қаражатын қайтара алмай әлек, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегінше, студенттер жазғы демалысын тиімді өткізгісі келіп, жеті ай бұрын шетелге жұмысқа бару мақсатында компанияға ақша төлейді. 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі қаражатты көбі ата-анасының атынан бөліп төлеуге рәсімдепті. Келісім бойынша осыдан екі ай бұрын бұларға өзге елдерден шақырту келуі тиіс болған. Алайда сол күйі ешкім байланысқа шықпапты.

"Алдандық" дегендердің саны бүгінде 150-ден асады. Басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкенттен. Студенттер дау басталғалы, компанияның кеңсесі үш рет ауысқанын айтады.

Ал үш жылға жуық "азаматтарды шетелге жіберумен айналыстық" деген компания басшысы жұрттың ақшасын "қайтарудан қашпаймыз" деп отыр. Ал мұндай келеңсіздіктің болуына шетелдік серіктестеріміз кінәлі дейді.

"Шарт бойынша біз қаражатты қайтару міндеттемелерінен бас тартпаймыз. Біз оны орындауға келісеміз. Жалғыз мәселе – қаржыландыру жағынан қиындықтар болып тұр. Өйткені әр клиент үшін қырғызстандық серіктесімізге қызмет ақысы төленген болатын, біз оған бәрін аудардық. Олар өз міндеттемелерін орындаудан бас тартты, яғни қаражатты қайтармай отыр. Қазір біз бұл мәселені шешіп жатырмыз".Мирас Оразғалиев, Job 2 day компаниясының директоры:

Компания директоры түйткілді түгелімен шешуге үш айдан аса уақыт керек екенін айтты. Алайда шетелде жұмыс істеп, мол табыс тапқысы келгендер басшының бұл сөзіне сенген жоқ. Себебі, бүгінге дейін де осындай құрғақ уәделер берілген дейді. Сондықтан олар бірігіп полицияға арыз жазды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: