Қазақстанға аптап ыстық қай елден келгені айтылды

Сильная жара, лето, высокая температура, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 17:16 Фото: unsplash
2026 жылғы 9 шілдеде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Қазақстандағы аптап ыстықтың себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, бұған ыстық әрі құрғақ ауа массалары себеп болып отыр.

"Қазір Қазақстанда байқалып отырған және алдағы күндері де сақталатын аптап ыстық Иран аумағынан келетін ыстық әрі құрғақ ауа массаларының енуіне байланысты. Дәл осы ауа массалары елдің көптеген өңірінде ауа температурасының одан әрі көтерілуіне әсер етеді", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларына алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: