Абай облысында жүргізушінің жолға назар аудармауынан жолаушы көз жұмды
Сурет: Абай облысы полиция департаменті
Абай облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі жолға назар аудармай, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Кейін жол апатына тағы екі көлік – Toyota Windom жеңіл автокөлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан.
Апат салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдайда") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.